Шахматтан әлем чемпионаты: Ян Непомнящий – Дин Лижэнь оныншы партияда тең түсті
23 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
Фото: ашық дереккөз
Астанада шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матчтың 10-ойынында ресейлік гроссмейстер Ян Непомнящий мен қытайлық шахматшы Дин Лижэнь арасындағы ойын тең аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.
Бүгінгі кездесуде қарсыластар тең нәтижеге қанағат білдірді. Осылайша жалпы есепте ресейлік шахматшы 5,5:4,5 есебімен алда келеді.
Енді ертең, 24 сәуірде он бірінші партия өткізіледі.
Регламентке сәйкес әлем чемпионы атағы үшін матч 14 партиядан құралған. Тең есеп тіркелген жағдайда 4 партиядан тұратын тай-брейк белгіленеді. Егер тай-брейкте де жеңімпаз анықталмаса, шахматшылар блицте шеберлік байқасады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 14:18
Жеңіске бірге жүгір: Елордада 100-ге жуық отбасы жүгірісте жүлдеге таласты
Бүгін, 13:15
Теннисші Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирде жеңіске жетті
Бүгін, 12:04
«Астана» мен «Челси» матчының билеттерін қашан сатып алуға болады
Бүгін, 09:03
Жандос Қиянов: Париж Паралимпиадасына қатысқан біршама спортшыларға демалыс бердік