Шахматтан әлем чемпионаты: 13-партияда Непомнящий мен Лижэнь тең түсті
28 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
Фото: ашық дереккөз
Астанада әлем чемпионы атағы үшін Ян Непомнящий мен Динь Лижень арасында өтіп жатқан шахмат матчының 13-ші партиясы аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.
Кездесуде қос шахматшы тең түсті. 13-ші партия 39 жүріспен аяқталды. Әзірге жалпы есеп бірдей – 6,5:6,5.
Әлем чемпионы атағы үшін тартысты бәсекенің 14-ші, яғни шешуші партиясы 29 сәуірде өтеді.
Егер ол кезде есеп тең болса, онда шахматшылар үшін 4 партиядан тұратын тай-брейк белгіленеді. Бұл кезеңнен кейін де жеңімпаз анықталмаса, шахматшылар блицте шеберлік байқасады. Одан әрі «ақтық партия» бар.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 14:18
Жеңіске бірге жүгір: Елордада 100-ге жуық отбасы жүгірісте жүлдеге таласты
Бүгін, 13:15
Теннисші Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирде жеңіске жетті
Бүгін, 12:04
«Астана» мен «Челси» матчының билеттерін қашан сатып алуға болады
Бүгін, 09:03
Жандос Қиянов: Париж Паралимпиадасына қатысқан біршама спортшыларға демалыс бердік