Ризабек Айтмұхан үздік жас балуандар қатарына енді
29 қараша, 2023
Елорда ақпарат
Фото: дереккөз
Бүкіләлемдік күрес ұйымы (UWW) әлеуметтік желіде болашағынан үміт күттіретін үздік бес балуанды атады, деп хабарлады Elorda.info.
Жұлдызы енді жанып келе жатқан осы бес балуанға назар салу керек. Олардың қайсысы Олимпиада медалін бірінші болып жеңіп алады?, - делінген жазбада.
Үздік балуандар тізбегінде еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан, бахрейндік Ахмед Тажудинов, әзербайжандық Хасрат Жафаров, жапониялық Акари Фуджинами мен америкалық Амит Элор бар.
Айта кетелік, Ризабек Айтмұхан еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы. Ол Белградтағы әлем чемпионатында 92 келі салмақта топ жарды.
Жақында бас бапкер балуанның олимпиадалық салмақ саналатын 97 келіге ауысқанын мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді
18 қыркүйек, 2024
Елордада теннистен Қазақстанның жазғы чемпионатының үздіктері белгілі болады