08.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Президент кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын жеңісімен құттықтады

|
Photo: Фото: Нұрғали Жұмағазы
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Президент кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын жеңісімен құттықтады

|
Photo: Фото: Нұрғали Жұмағазы

Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін сәтті қорғауымен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев спортшының жоғары деңгейдегі шеберлігі мен табандылығы, туған жерімізде ел намысын абыроймен қорғауы баршамыз үшін зор мақтаныш екенін атап өтті.

Президент Жәнібектің бұдан да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді.

Еске салсақ, бүгін «Барыс Арена» мұз сарайында отандық және шетелдік бокс жұлдыздарының қатысуымен үлкен тарихи бокс кеші өтіп жатыр.

Кештің басты жекпе-жегінде ел тарихында алғаш рет IBF және WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) өз белбеуін Франциядан келген үміткер Анауэль Нгамиссингеге (14-0, 9 КО) қарсы қорғайтыны хабарланды.

Бүгін Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутпен жеңіп, чемпиондық белдіктерін сәтті қорғап шықты.

 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗