Қос журналист теннистен халықаралық турнирде жүлдегер атанды
Хорватияның Вели Лошинь аралында БАҚ қызметкерлері арасында теннистен өткен әлем чемпионатына екі қазақстандық журналист қатысты, деп хабарлады Elorda.info. Қазақстан теннис федерациясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Теннисші журналистердің дүниежүзілік спорт форумы биыл 45-ші рет өтті. Қазақстан өкілдері мұндай әлем чемпионатында алғаш рет өнер көрсетті. Ел намысын Қуандық Шынасылов (Zakon.kz ақпараттық порталы) пен Талғат Қалиақпаров («Хабар» агенттігі) қорғады. Жарыс атақты хорват теннисшісі Иван Любичич академиясының көгалды корттарында өтті.
Турнирге 11 елден 70-тен астам ойыншы қатысты. Жеңімпаздарға әртүрлі жас санаттары бойынша медальдар табыс етілді. Атвалған жарыста жерлес журналистеріміз үш жүлдемен алды. Оның бірі алтын, екі күміс.
Жеке санаттағы +55 (фьючерс) жас санатында ең жоғары стандартты медальді Талғат Қалиақпаров («Хабар») жеңіп алды. Сондай-ақ, Zakon.kz журналисі Қуандық Шынасыловпен бірге олар +105 жас санатындағы жұптық категорияда (жұптасып ойнау) вице-чемпион атанды. Аралас жұпта Талғат Қалиақпаров тағы бір медаль жеңіп алды: Ол словакиялық әріптесі Ольга Кметовамен бірге күміс жүлдеге қол жеткізді.