00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Олимпиаданың жаңа спортына қатысты киім үлгісіне конкурс жарияланды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Олимпиаданың жаңа спортына қатысты киім үлгісіне конкурс жарияланды
коллаж Elorda.info

Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде Париж Олимпиадасына жаңадан енген брейк-данс және скейтбординг бойынша киім үлгісін әзірлеуге арналған халықаралық жарыстың тұсауы кесілді, деп хабарлады Elorda.info.

Баспасөз мәслихатына Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов, Брейкинг федерациясының атқарушы директоры Бауыржан Сейфуллин, Скейтбординг федерациясының президенті Жандос Рахмет, Forte Bank PR директоры Антон Ким, Global Nomads брендінің Астана қаласы бойынша директоры Ирина Добжанская қатысты.

Париж Олимпиадасына жаңадан кірген спорттың түрі – брейкинг. Біріншіден, елімізде бұл спорт түрімен айналысатындардың саны көп. Екіншіден, брейкинг халықаралық турнирлердегі жетістіктеріміз де біршама. Бұл көрсеткіштер Париж Олимпиадасында жүлдеден үміт күтуге болатынын білдіреді. Бүгінгі іс-шарада осы спортпен айналысатындардың Париж Олимпиадасына байланысты киім үлгісіне конкурс жариялап жатырмыз. Бастысы, киім спортшы үшін ыңғайлы, мәдени мұрамыз бейнелейтін элементтер болуы керек, - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Е.Еркінбаев.

Конкурс шілде айының аяғына дейін жалғасып, жеңімпазға 1 млн теңге сыйақы беріледі.

Бала кезден бастап, скейтбордингпен айналысып келемін. Сондықтан бұл спорт түрі мен үшін жақсы таныс деуге болады. Тек спортпен айналысып қана қоймай, дизайн бағытында да жұмыстар атқарамын. Брейкинг және скейтбординг бойынша киім үлгісі конкурсында бағымды сынасам деп едім. Нақты қатысушылардың санын білмеймін. Алайда қарсыласым кім болса да, жеңіс үшін қолдан келгенімді аянып қалмайтыныма сенімдімін, - деп 27 жастағы Марина Стригун өзінің мүмкіндігін бағалады.

Париж Олимпиадасының жолдамасы үшін брейкинг бойынша ерлер (16) және әйелдер (16) 32 жолдамаға таласатын болады. Жолдаманың 80%-ы қыркүйек айында Бельгия елінде өтетін әлем чемпионатында сарапқа салынады. Сондай-ақ күзде Қытайдағы Азия ойындарында да жерлестеріміз лицензияға таласатын болады.

Мамандардың айтуынша, бұл спортта отандасымыз Амир Закировтың жүлде алуға мүмкіндігі жоғары. Жерлесіміз ақпан айында 48 мемлекеттің қатысуымен Жапонияда өткен Breaking for Gold турнирінде топ жарған еді.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ