Ақмола облысында ұлтаралық алауыздықты қоздырған тұрғын сотталды
11 қаңтар, 2025


фото: freepik.com
Ақмола облысы Астрахан ауданының прокуратурасы ұлтаралық алауыздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық істің ашық процесін ұйымдастырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Аудан тұрғыны осы жылдың жазында мас күйінде бола тұра, әртүрлі елдердің пайдаланушыларымен сөйлесуге арналған «Чат рулетка» қосымшасында басқа ұлт өкілдеріне қатысты, оның ішінде балағат сөздерді қолдана отырып, қорлайтын мәлімдемелер жасаған.
Сараптама сөйлеуде ұлтаралық араздық пен алауыздық белгілерінің бар екенін растап, айтылған сөздердің басқа ұлт өкілдеріне қатысты қорлайтын сипатқа ие екенін анықтады.
Сотта айыпталушының кінәсі мемлекеттік айыптаушымен толық дәлелденді.
Сотталушы 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.
Ұқсас жаңалықтар

12 шілде, 2025
Ұлттық ұланның 450 сарбазы салтанатты түрде әскери ант қабылдады

11 шілде, 2025
Елде халықаралық жүргізуші куәліктері берілмейді

11 шілде, 2025
Биыл 30 жас қазақстандыққа «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табысталады

11 шілде, 2025
Ұлттық ұлан қызметшілері жарты жылда 10 мыңға жуық құқық бұзушыны ұстады