Елордада лифт ішінде қалып қойған үш адам құтқарылды
фото: Elordainfo.kz.
Астанада лифтте қалып кеткен үш адамды құтқарушылар сыртқа аман алып шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ТЖМ мәліметінше, Нұра ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 3 адам, оның ішінде 2 бала лифт ішінде тұрып қалған.
Шақырту орнына келген құтқарушылар лифт есігін лифт кілтінің көмегімен ашып, адамдардың шығуына көмектесті. Олар медициналық көмекті қажет етпеген.
ТЖМ лифте тұрып қалсаңыз:
- төмендегідей ережелерді есте ұстауды ескертеді:
- өзіңіз алаңдамаңыз және көршілеріңізді тыныштандырыңыз;
- диспетчерге хабарласыңыз;
- барлық түймелерді қатарынан баспаңыз;
- лифт есіктерін өзіңіз ашуға тырыспаңыз;
- барлық сыртқы байланыс арналарын пайдаланыңыз.
Ұқсас жаңалықтар
24 қазан, 2025
Марқұм Шерзат Болаттың отбасы жаңа баспанаға ие болды
24 қазан, 2025
Абай облысында тұрғын балық аулау ережесін бұзған
24 қазан, 2025
Сумен қамтамасыз етуге арналған субсидияларды бөлу кезінде заңбұзушылықтар анықталды
24 қазан, 2025
Талдықорғанда 17 жыл халықаралық іздеуде болған ер адам ұсталды
