Президент белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айтты
![Зарина Сәрсенбайқызы](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Президент белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/01/173658736049369862.webp)
Президент белгілі ғалым, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.
«Мекемтас Мырзахметұлы бар салиқалы ғұмырын Абай мұрасын зерделеуге, отандық әдебиеттану ғылымының керегесін кеңейтуге арнаған зиялы тұлға еді. Ұлт руханиятының ілгері басуына сүбелі үлес қосып, көптеген шәкірт тәрбиеледі. Ұзақ жылғы қажырлы ізденістерінен туған құнды еңбектері лайықты бағаға ие болды. Ғибратты ғұмыр кешіп, соңына өнегелі із қалдырған Мекемтас Мырзахметұлының аяулы есімі халқымыздың жадында сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», – деп жазылған жеделхатта.
![Мемлекет басшысы Нигерия Президенті Бола Ахмет Тинубумен кездесті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/01/173686873623129141.webp)
![Тоқаев: Жаһандық жылыну – Орталық Азия үшін басты сын-қатердің бірі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/01/173685468444239462.webp)
![Президент «Абу Дабидің орнықты даму апталығының» ашылу салтанатына қатысты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/01/173684203249548596.webp)
![Мемлекет басшысы Хорватия Президентін қайта сайлануымен құттықтады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/01/173683611713295260.webp)