Нұрсұлтан Тұрсынов грек-рим күресінен Олимпиада жолдамасына ие болды
25 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов Сербия астанасы Белград қаласында өткен әлем чемпионатында грек-рим күресінен Олимпиада жолдамасына ие болды, деп хабарлады Elorda.info.
Нұрсұлтан Тұрсынов 87 келіге дейін салмақта қола жүлде үшін бәсекеде Олимпиада чемпионы, украиналық Жан Беленюкқа есе жіберді.
Дегенмен жарыс шарты бойынша жеңіліп қалғандар үшін тағы бір жолдама ойнатылды.
Бұл белдесуде Нұрсұлтан әзербайжандық Ислам Аббасовты 8:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты.
Сөйтіп өз салмағында бесінші орынға табан тіреп, Олимпиада жолдамасын жеңіп алды.
Осылайша, күрес түрлерінен дүниежүзілік додада Қазақстан құрамасына қос жолдама бұйырды.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді
18 қыркүйек, 2024
Елордада теннистен Қазақстанның жазғы чемпионатының үздіктері белгілі болады