Милад Карими әлем кубогында күміс медаль жеңіп алды
8 наурыз, 2025
Фото: olympic.kz
Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде Милад Карими күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ұлттық құрама көшбасшысы еркін жаттығудың финалында 14.300 балл жинады. Кеше ол іріктеуді 1-орынмен аяқтаған (13.833 ұпай).
Бұл бағдарламада Егор Шеремков (Беларусь) топ жарса, Назар Черепный (Украина) үздік үштікті түйіндеді.
Еске сала кетейік, Милад осыған дейін Германияның Котбус қаласында өткен әлем кубогының алғашқы кезеңінде еркін жаттығуда алтын медаль жеңіп алған.
Алда Милад әлі керме жаттығуында финалда сынға түседі. Одан бөлек Ұлттық құрама сапындағы Зейнолла Ыдырысов (тұтқалы ат снарядында), Дмитрий Патанин, Ильяс Азизов (қос сырықта) жүлдеге таласады.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Триатлоннан Қазақстан құрамасы Азия кубогында төрт жүлде жеңіп алды
3 мамыр, 2026
Ахмади Маханов Қытайдағы турнирдің чемпионы атанды
2 мамыр, 2026
Әртістік жүзуден Қытайда өткен Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы тағы үш медаль иеленді
2 мамыр, 2026
Елордада футболдан діни конфессиялар арасындағы турнир басталды