00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Әлем чемпионатының жүлдегері Жәмила Бақбергенова елге оралды

23 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әлем чемпионатының жүлдегері Жәмила Бақбергенова елге оралды
фото: Оңалхан Өнерхан

Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер күресінен қола жүлдегер атанған елордалық Жәмила Бақбергенованы жанкүйерлері мен жақындары әуежайдан қарсы алды, деп хабарлады Elorda info. 

Әлемдік додада топ жарған жерлесімізді бапкері екеуін  Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен,  ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Бекболат Байжанов және қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев пен жанкүйерлері, зор құрметпен күтіп алды. 

жамила 1.jpg

Еске салсақ, Сербия астанасындағы балуандар додасына 77 мемлекеттен 1000-ға тарта күрес шеберлері қатысты. Жәмила осы жарыста  72 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қола жүлдені еншіледі. 

Бұл 27 жастағы елордалық спортшының дүниежүзілік бәсекедегі қатарынан 3-жүлдесі. Ол 2019 жылы Ослода, былтыр Белградта күміс жүлдеге ие болған. 

жамила Б.jpg

Туған елге оралған Жәмилә жанкүйерлерінің қолдауын ерекше сезінгенін жасырмады.

Жанкүйерлердің қолдауын шын сезіндім. Маған демеу берген жандарға көп рақмет! Әлем чемпионаты мен үшін қоламен аяқталды. Әрине, алтын не күміс алсам деген мақсатым болды. Бірақ бұйырғаны қола медаль екен. Алдымызда үлкен жарыс яғни, жазғы Азия ойындары күтіп тұр. Сәл тынығып алып  Ханчжоуға жол жүреміз — деді, астаналық бұрымды балуан Жәмила Бақбергенова. 

жамила.jpg

Айта кету керек, Жәмилә – мұндай нәтижеге қол жеткізген әйелдер арасындағы тұңғыш қазақ балуаны. Қазір оның еншісінде Азия чемпионатының 5 медалі бар (3 алтын, 1 күміс, 1 қола).

Енді астаналық балуан қыз Қытайда өтетін ХІХ жазғы Азия ойындарына дайындықты бастайды. Ханчжоу қаласында ол Олимпиада бағдарламасына кіретін 76 кг салмақта боз кілемге шығады.  

Қанат БАЙҰЗАҚОВ