00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Әлем чемпионатында қазақ жанкүйерлері әнұранды айтып шықты

12 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әлем чемпионатында қазақ жанкүйерлері әнұранды айтып шықты

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында 48 келіде топ жарған Санжар Тәшкенбайдың құрметіне қойылған Қазақстан әнұраны белгісіз себептермен соңына дейін жетпей, үзіліп қалды, деп хабарлады Elorda.info. 

Алайда қазақ жанкүйерлері іліп әкетіп, әнұранды әуелете аяғына дейін орындап шықты. 

Айта кетейік, әлем чемпионатының алғашқы финалдық күнінде Қазақстан  құрамасы 1 алтын, 1 күміс жүлде бұйырды.