Әлем чемпионаты: Махмұд Сабырхан мен Нұрбек Оралбай жеңіске жетті

Фото: olympic.kz
Қазақстандық боксшылар Махмұд Сабырхан мен Нұрбек Оралбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жектерінде жеңіске жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
2023 жылғы әлем чемпионы Махмұд Сабырхан 55 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.
Ол алғашқы жекпе-жегінде Брайан Ортиспен (Мексика) қолғап түйістірді. Нәтижесінде, Махмұд Сабырхан еш қиындықсыз 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Ал Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетуде.
Нұрбек алғашқы айналымда Матвей Ражбамен (Украина) өзара мықтыны анықтады.
Отандасымыз бірінші раундтан-ақ тізгінді қолына алып, жекпе-жектің соңына дейін басымдығын сақтап қалды. Нәтижесінде, төрешілердің шешімі бойынша 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Ұқсас жаңалықтар