Әлем чемпионаты: бүгін шаршы алаңға кімдер шығады
Фото: olympic.kz
6 қыркүйекте бокстан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында төрт қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Күндізгі бағдарлама, 15:00 (Астана уақыты)
70 келіге дейінгі салмақта Төрехан Сабырхан ересектер арасында алғаш рет әлем чемпионатында өнер көрсетеді. Оның бірінші қарсыласы Ислам Ячи (Алжир) болмақ.
Кешкі бағдарлама, 22:00 (Астана уақыты)
Виктория Графеева (60 келіге дейін) косоволық Донета Садикумен өзара мықтыны анықтайды.
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Надежда Рябец Қытай өкілі Лина Уангпен қолғап түйістіреді.
Ал 60 келіге дейінгі салмақта Бейбарыс Жексеннің алғашқы қарсыласы Джунмилардо Огаири (Филиппин).
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 10:34
III Түркі универсиадасы: Қазақстандық дзюдошы студенттер тағы 3 алтын жеңіп алды
5 қыркүйек, 2025
Аңыздар айқасы: Майк Тайсон мен Флойд Мейвезер жұдырықтасады
5 қыркүйек, 2025
US Open-2025: Заңғар Нұрланұлы жартылай финалға шықты
5 қыркүйек, 2025
Сағындық Тоғамбай бокстан әлем чемпионатын жеңіспен бастады
