00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қызылордада көкпардан ел чемпионаты өтіп жатыр

23 сәуір, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қызылордада көкпардан ел чемпионаты өтіп жатыр
фото: Elorda.info

Қызылордада көкпардан ересектер арасында Қазақстан Республикасының XXIII чемпионаты басталды. Оған еліміздің 15 өңірінен 300-ге жуық спортшы қатысып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Көкпарға Абай, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Жетісу облыстарының, Астана және Шымкент қалаларының құрама командалары, сондай-ақ Орталық армия спорт клубының командасы қатысуда.

Бүгін келесі командалар арасында топтық жарыстар өтті: Ұлытау облысы – Армия спорт клубы, Қостанай облысы – Атырау облысы, Астана қаласы – Қарағанды облысы, Алматы облысы – Маңғыстау облысы, Түркістан облысы – СҚО, Ақмола облысы – Шымкент қаласы, Абай облысы – Жамбыл облысы, Жетісу облысы – Қызылорда облысы.

Бұрын өзі де көкпар тартып, ал 2011 жылдан бастап команда жетекшісі болып жүрген Қостанай облысы құрама командасының жаттықтырушысы Ырыскелді Байтасов спортшылардың дайындығына тоқталды.

Жарысқа дейін біз Қызылорда облысында дайындық жұмыстарын жүргіздік. Спортшылар да, аттар да толық дайындалған. Жақсы өнер көрсетіп, жүлделі орынға ие боламыз деп үміттенеміз, - деді ол.

Өз кезегінде Қостанай облысынан келген көкпаршы Наурызбай Қалтаев ойын барысы туралы өз әсерімен бөлісті:

Ойын жақсы өтті. Барлық қарсылас командалар лайықты, жақсы дайындалған. Әр ойын қызықты әрі ерекше өтіп жатыр, - деді спортшы.

Алда – жарыстың келесі кезеңдері. Көкпардан Қазақстан Республикасы чемпионатының финалы 29 сәуірде өтеді.

Еске сала кетейік, Республикалық көкпар федерациясы ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге бәйге, аударыспақ, теңге ілу, садақ ату, жамбы ату, құсбегілік, асық ату, «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын белгілі кәсіпкер, меценат, «Altyn Qyran Foundation» Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.