Күрестен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында үздік атанды
1 шілде, 2024
Олжас Сүлейменов
Фото: дереккөз
Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында қазақстандық «классиктер» үздік атанды, деп хабарлады Elorda.info.
23 жасқа дейінгі балуандар бәсекесінде спортшыларымыз үш алтын, төрт күміс және екі қола медаль иеленді.
Ербол Камалиев (55 келі), Нұрсұлтан Базарбаев (63 келі) және Мерей Мәулітханов (72 келі) өз салмақтарында топ жарды.
Диас Әскебай, Расул Жүніс, Әлмир Төлебаев пен Мақсат Сайлау жарысты күміспен аяқтады.
Ал Бақдәулет Азамат пен Асылбек Жәнібекұлының еншісінде қола жүлде бар.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді
18 қыркүйек, 2024
Елордада теннистен Қазақстанның жазғы чемпионатының үздіктері белгілі болады