00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Канвон-2024: Хоккейшілеріміз қола жүлдеге ие болды

25 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Канвон-2024: Хоккейшілеріміз қола жүлдеге ие болды
Фото: olympic.kz

Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында алғаш рет 3×3 хоккейден жүлде жиынтығы сарапқа салынған бәсекеде ұлдар құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді. 

3-орын үшін өткен тартысты ойында жерлестеріміз Аустриядан 6:5 есебімен басым түсті. 

Әзірше IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстанда 1 алтын, 2 қола жүлде бар. 

Айта кетейік, айтулы бәсеке 1 ақпанға дейін жалғасады.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ