00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Көңілді старт: Спорттан ең үздік жас отбасы белгілі болды

27 тамыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Көңілді старт: Спорттан ең үздік жас отбасы белгілі болды
Фото: Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен  Конституция күніне орай жас отбасылар арасында  «Көңілді старт» отбасылық эстафетасы өтті деп, хабарлады Elorda info

 

Іс-шара Астана қаласында алғаш рет ұйымдастырылып жатыр. Өздеріңіз білетіндей, жастардың арасында елімізде ажырасу көрсеткіші жыл сайын артып жатыр. Дәл осындай турнирлер арқылы жас отбасылар эмоциясын шығарып, бір-бірімен жақындай түседі. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын ұстанып, спортты жанына серік еткен өзге жанұялармен жақын танысуға мүмкіндік алады. 2022 жылы «Денсаулық — зор байлық» атты 21 күн бойы кемі 1 шақырым жүгіретін сайыс өткен болатын. Біз бұл шарамен шектеліп қалмаймыз.  Алдағы уақытта зияткерлік, фото-видео, ұлттық дәстүрді қамтитын өзге де жарыстарды өткізуді жоспарлап жатырмыз, - деді ұйымдастырушы әрі  «Қазақстан жастарының конвені» жеке қоры директорының орынбасары Марат Мұхамеджанұлы.

Сайысқа 37 жас отбасы (14-35 жас аралығындағы) қатысты.  Алғашқы кезеңде күйеуі турникке тартылса, әйелі баскетбол добын 5 мәрте сақинаға лақтырды. Нәтижесінде ең үздік деп танылған 15 отбасы екінші кезеңге жолдама алды. 

27-08-6.jpg

Айта кетейік, бәсекенің тартысты болғаны соншалық, 2 жанұяның көрсеткіші тең болып, отжимание мен скакалка секіру арқылы мықтыны анықтауға тура келді. 

 Отбасын құрғаныма 7 жылдан асты. Оңтүстік өңірден елордаға қоныс аудардық. Бүгін алғаш рет осындай отбасылық спорттық турнирге қатысып жатырмыз. Атмосферасы керемет! Бізге ұнап жатыр. Алғашқы кезеңде турникке 11 мәрте тартылдым. Нәтижесінде өзге отбасымен тең болып қалдық. Қосымша раундта мен 38 мәрте отжимание, әйелім 49 рет скакалкамен секірді. Бұл көрсеткіш екінші кезеңге өтуге мүмкіндік берді, - деді қатысушы Нұрсұлтан. 

27-08-7.jpg

Екінші кезеңде қатысушылар 10 бөлімнен тұратын жаттығуда жарысты. 

1. Жүгіру 

2. Бір аяқпен секіру

3. Сөмкелерде жүгіру

4. Допты себетке лақтыру

5. Отжимание

6. Құрсаумен эстафета 

7. Допты аяқтың арасына алып секіру 

8. Теннис добымен жүгіру

9. Арқанмен жүгіру 

10. Ұзындыққа секіру

Нәтижесінде жарыс жеңімпаздар ретінде төмендегі отбасылар танылды: 

1-орын — Тілеуовтар жанұясы (200 000 теңге) 

2-орын — Хурметбековтар жанұясы (150 000 теңге) 

3-орын — Романовтар жанұясы (100 000 теңге).

27-08-8.jpg

Қалған 12 қатысушы отбасыға 20 000 теңгелік сертификат табысталады.

Кез-келген адам сайысқа қатысқанда  жеңуге талпынатыны анық. Оған не әсер етеді? Біріншіден, жақсы дайындық. Екіншіден, әділ төрешілік. Қуанышымызға қарай, төреші әр сәтке назар аударып, бабымыз бен бағымыз бірдей жанды. Тек біз ғана емес, чемпион атануға үміткерлердің қарасы көп болды. Біз үшін өте сәтті аяқталғанына қуаныштымыз! – деді Тілеуовтар отбасы. 

Қанат БАЙҰЗАҚОВ