00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Испания құрамасы төрт дүркін Еуропа чемпионы атанды

Испания құрамасы төрт дүркін Еуропа чемпионы атанды
Фото: edition.cnn.com

Еуропа чемпионатының финалында Англияны 2:1 есебімен жеңген Испания құрамасы өз тарихында төртінші мәрте жарыс жеңімпазы атанды. Осыған дейін Испания 1964, 2008, 2012 жылдары чемпиондық атаққа қол жеткізген, деп хабарлады Elorda.info.

Англия Еуропа чемпионатының финалына екінші мәрте шығып, жеңілді. Гарет Саутгейт екі Еуропа чемпионатының финалында жеңіліс тапқан алғашқы бапкер атанды. Естеріңізде болса, 2020 (2021) жылы Англия Италияға ойын соңындағы пенальтиден жеңілген.

Берлинде өткен финалдық ойынның алғашқы жартысында есеп ашылмай 47-минутта Нико Уильямс Ламин Ямальдің пасынан соң есепті ашқанымен, 74-минутта Коул Палмер Джуд Беллингемнің нәтижелі пасынан кейін есепті теңестірді. Испания матчтың 87-минутында Мигель Оярсабальдің көмегімен гол соғып, ойынның нүктесін қойды.

Бас бапкер Луис Де ла Фуэнте үшін бұл ұлттық құрама сапындағы үшінші жеңіс. Осыған дейін ол 2015 жылы 19 жасқа дейінгі құраммен чемпион атанса, 2019 жылы 21 жасқа дейінгі жастармен бірге Еуропа чемпионы болған. Сонымен қатар, Фурия Роха турнирде жеті ойында жеңіске жеткен алғашқы құрама атанды.