00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Indoor Run Astana: Әуесқой желаяқтардың жарысы өтеді

18 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Indoor Run Astana: Әуесқой желаяқтардың жарысы өтеді

21 қаңтар күні Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде әуесқой спортшылар бірнеше қашықтық бойынша сынға түседі. 

Атап айтсақ: 

1 000 метр (әйелдер); 

2 000 метр (әйелдер); 

3 000 метр (ерлер); 

Эстафеталық жүгіру 4×200 (2 ер, 2 әйел); 

Критериум жарысы (ерлер). 

Сайысқа елімізден өзге Ресей, Ұлыбритания сынды мемлекеттерден 100-ден аса әуесқой спортшылар қатысады деп күтілуде. 

Айтулы сайысқа интеллектуалдық дамуы шектелген жандар да қатысады. 

Жарыс таңғы 10:00-де басталады.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ