00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Хайме Мунгия Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды

1 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Хайме Мунгия Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды
Фото: sports.kz

Бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Хайме Мунгия (41-0, 33 КО) кезекті рет Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 КО) айқасқысы келетінін айтты, деп хабарлады Elorda.info

Vesti.kz сайтының жазуынша, боксшылар 2018 жылы жұдырықтасуы мүмкін еді. Алайда ол кезде Невада штатының атлетикалық комиссиясы мексикалықтың мұндай айқасқа дайын еместігін айтып, жекпе-жекке рұқсат бермеген.

Үнемі Головкин мен Чарло сияқты мықтыларды көздеп келеміз. Жекпе-жектер біздің бақылауымыздан тыс жағдайларға байланысты өтпей қалды. Чарло рингке екі жыл шықпады, бірақ әлі чемпион. Алдағы жоспары қандай екенін білмеймін, алайда онымен айқасуға дайынмын. Ал Головкинмен жекпе-жек бойынша хабарластық, дегенмен сол күйі жауап болмады. Қазір ол демалыс рахатын көріп жатқан сияқты, – дейді Мунгия.