Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Испанияда топ жарды
23 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
Испанияның Ла-Нусия қаласында күрес түрлерінен халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Бәсекеде грек-рим күресінен Қазақстан ерлер құрамасы 12 жүлдемен, 1-орын иеленді. Оның жетеуі алтын, төрт күміс және бір қола.
Жарыс нәтижесі бойынша Ербол Камалиев (55 кг), Азамат Құрман (60 кг), Ержет Жарылқасын (63 кг), Сұлтан Әсетұлы (67 кг), Омар Сатаев (77 кг), Мақсат Сайлау (87 кг), Асылбек Әбдіқалық (130 кг) алтын алса, Асаухат Мұхамадиев (63 кг), Ерсін Абыйр (55 кг), Дәулет Жалғасов (77 кг), Ерзат Ерланов (97 кг) күміс жүлдегер атанды. Ал Ерасыл Мамырбеков (55 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.
Сондай-ақ әйелдер күресінен қазақстандық балуандар 8 алтын, 2 күміс медальмен екінші орын алды.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді
18 қыркүйек, 2024
Елордада теннистен Қазақстанның жазғы чемпионатының үздіктері белгілі болады