Grand Slam: Қазақстандық дзюдошылардың қарсыластары белгілі болды
7 желтоқсанда дзюдодан Токиода (Жапония) Grand Slam турнирі басталады, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Турнир алдында өткен жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық дзюдошылардың алғашқы қарсыластары анықталды:
Ерлер:
-60 келі: Дәурен Сүйкенов – Мишель Аугусто (Бразилия);
-60 келі: Шерзод Давлатов – Матей Александру (Румыния)/Елк Казирбиек (Моңғолия) жұбының жеңімпазы;
-73 келі: Бақытжан Әбдірахманов – Лучиан Борс (Румыния);
-81 келі: Жалғас Қайролла – Кайто Амано (Жапония);
-90 келі: Мейірлан Максим – Намхун Ли (Оңтүстік Корея);
-100 келі: Әділет Сапарғалиев – Энхбаяр Алтаншағай (Моңғолия).
Әйелдер:
-52 келі: Толғанай Әбеуова – Нанако Цубоне (Жапония);
-57 келі: Дана Әбдірова – Ариунзая Тербиш (Моңғолия);
-63 келі: Самалай Ерғалиева – Мегуми Хорикава (Жапония);
-78 келі жоғары: Назгүл Маратова – Майя Сегава (Жапония);
-78 келі жоғары: Карина Такиева – Рури Такахаши (Жапония).