00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Grand Prix – 2024»: Астаналық спортшы қола жүлдегер атанды

«Grand Prix – 2024»: Астаналық спортшы қола жүлдегер атанды
Фото: дереккөз

Түркияның Анталья қаласында пара дзюдодан дәстүрлі халықаралық «Grand Prix – 2024» додасында елордалық спортшы Ерғали Шәмей қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан пара дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, Ерғали Шәмей 73 келіге дейінгі салмақта J1 санатында үздік үштікке ілікті. Ол – пара дзюдодан Қазақстан құрамасы көшбасшыларының бірі.

Айта кетсек, аталған байрақты бәсекеге елімізден барлығы 17 спортшы қатысты.