Футболдан Қазақстан құрамасы Грекиядан ойсырай ұтылды
22 наурыз, 2024
Елорда ақпарат
Фото: UEFA
Афинада футболдан Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Грекия мен Қазақстан арасындағы матч өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Кездесуде 5:0 есебімен қарсылас команда жеңіске жетті.
Ойынның 9-минутында Анастасиос Бакасетас пенальтиді дәл орындап, командасын алға шығарды.
15-минутта Димитрис Пелкас, 37-минутта Фотис Иоаннидис, 40-минутта Димитрис Курбелис есепті еселей түсті.
Екінші тайм аяқталар түста Александр Марочкин автогол соғып, матч Қазақстан командасының ірі жеңілісімен аяқталды.
Десе де, қазақстандық футболшылар дәл осылай Еуропа чемпионатына жақын болған емес.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді
18 қыркүйек, 2024
Елордада теннистен Қазақстанның жазғы чемпионатының үздіктері белгілі болады