00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды

28 маусым, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бүгін Астанада «Фабрика футбола CUP» балалар мен жасөспірімдер арасында өткен футболдан республикалық турнирдің жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлады Elorda.info.

Құрметті ойыншылар мен олардың ата-аналары! Бүгін №81 Astana English School гимназиясының аумағында біз «Фабрика футболы Cup» республикалық турнирін аяқтаймыз. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген қатысушыларға, сондай-ақ жанкүйерлерге алғыс білдіремін. Баршаңызға сәттілік пен жаңа жеңістер тілеймін», - деді «Фабрика футбола CUP» жетекшісі Дәурен Иманқұлов.

Салтанатты рәсімге  №81 Astana English School мамандандырылған гимназиясының директоры Тоғжан Картаева, «Фабрика футбола CUP» жетекшісі Дәурен Иманқұлов және қатысушылар мен олардың ата-аналары  ата-аналары қатысты.

Қайырлы күн, құрметті қатысушылар мен олардың ата-аналары. Бүгін біздің мектептің аумағында осындай турнир өтіп жатқанына өте қуаныштымын. Бүгінгі қатысушыларға тек сәттілік тілеймін. Біз мұндай спорттық іс-шараларды әрдайым қолдаймыз.  Осы сәтті пайдалана отырып, «Фабрика футбола CUP» республикалық турнирін ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, - деді №81 Astana English School мамандандырылған гимназиясының директоры Тоғжан Картаева.

Турнирдің нәтижесі бойынша төмендегі командалар жүлделі орындарға ие болды:

2012 жыл

1 орын - ROYAL Astana

2 орын - СКАУТ Караганда

3 орын - JAMBYL Тараз

2013 жыл

1 орын - ЖЕҢІС Астана

2 орын - СДЮШОР Астана

3 орын - ОСДЮШОР ЖАСТАР Караганда

2014 жыл

1 орын - СДЮШОР Астана

2 орын - ФАБРИКА ФУТБОЛА

3 орын - АДАЛ Астана

2015 жыл

1 орын - ANSAT Павлодар

2 орын - RB ARMAN Павлодар

3 орын - САЙРАН Астана

2016 жыл

1 орын - СКАУТ (А) Караганда

2 орын - СДЮШОР Астана

3 орын - СКАУТ (В).

Сондай-ақ қатысушыларға «Үздік қорғаушы», «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік жартылай қорғаушы» секілді номинациялар табыс етілді.

25-28 маусым аралығында мұнда Қазақстанның түрлі қалаларынан: Қостанай, Астана, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Талдықорған, Арқалық, Тараз, Ақсу және Ақмола облыстарынан 2012, 2013, 2014, 2015 және 2016 жылы туғандар арасындағы 62 команда бақ сынасты.

 Айта кетейік, «Фабрика футбола CUP» балалар мен жасөспірімдер арасында өткен футболдан республикалық турнирдің ашылу салтанатына қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов пен Астана қаласының  футбол федерациясының президенті Давид Лория қатысты.