00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ерлан Каналимов елордалықтарды ұлттық спортқа жанкүйер болуға шақырды

6 қыркүйек, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Ерлан Каналимов елордалықтарды ұлттық спортқа жанкүйер болуға шақырды
Фото: Е.Каналимовтың Facebook парақшасынан

Бұл туралы елордалық мәслихат төрағасы – Астана қаласының ұлттық спорт түрлері федерациясының басшысы Ерлан Каналимов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

9 қыркүйек күні «Қазанат» ипподромының аумағында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында жарыстар басталады. Сағат 10:00-де «Көкпар» ұлттық ойынынан жарыс өтеді, ал 15:00-ден бастап «Көк-бөрі» ат спортының ойындары басталады.

«Ойындар қарсаңында елордалық ипподромда ауқымды жаңғырту жүргізілді. Жарыс жолдары кеңейтіліп, құм жаңартылды, оған халықаралық стандарттарға сәйкес келетін және шаңның көтерілуін азайтатын арнайы талшық қосылды.

Сондай-ақ, трибуналардағы орындардың саны 2,5 мыңнан 10 мыңға дейін ұлғайтылды. 13 қыркүйекте сағат 09:00-ден бастап әртүрлі қашықтыққа ат жарысы басталады, соның ішінде ұшқыр, жорға, құнан, топ, аламан бәйге бойынша сайыстар өтеді. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі сағат 14:30-да өтеді.

Барлықтарыңызды осы үлкен спорттық шараның жанкүйері болуға шақырамын!», - деп жазды Е.Каналимов.