00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық спортшы әлем кубогінде күміс жүлдегер атанды

29 сәуір, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық спортшы әлем кубогінде күміс жүлдегер атанды
Фото: дереккөз

Өзбекстан астанасы Ташкентте конкурдан өтіп жатқан әлем кубогінің кезеңінде командалық маршрутта отандастарымыз күміс жүлдеге қол жеткізді. Командалық маршрут саналатын Ұлттар кубогы сапында астаналық шабандоз Ержан Мағжаев өнер көрсетті, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл сында Өзбекстан командасы жеңімпаз атанса, Қырғызстаннан барған шабандоздар үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, әлем кубогі кезеңінде 11 елдің спортшылары бақ сынап жатыр. Байрақты бәсеке 5 мамырға дейін жалғасады.