00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық гимнасшы «Азия балалары» ойындарының үш дүркін жеңімпазы атанды

Елордалық гимнасшы «Азия балалары» ойындарының үш дүркін жеңімпазы атанды
Фото: дереккөз

Астана қаласының гимнасшысы Ақмарал Ерекешева Якутияда өтіп жатқан VIII «Азия балалары» ойындарының үш дүркін жеңімпазы атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласындағы №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің тәрбиеленушісі А.Ерекешева көпсайыста күміс алып, финалда лента мен шығыршық үшін қола жүлдені жеңіп алды.

«Өте қуаныштымын. Мені осы жарысқа дайындаған бапкерім Меруерт Төлегенқызына алғыс айтамын. Алдағы жарыстарда бұдан да жақсы нәтиже көрсетемін деп сенемін», - деді VIII «Азия балалары» халықаралық спорттық ойындарының үш дүркін жеңімпазы Ақмарал Ерекешева.

Сонымен қатар тағы бір елордалық спортшы Айғаным Рысбек те өзінің шеберлігін танытып, осы спорт түрінің 3 жаттығуынан да финалға жолдама алды. Яғни, лента, доп, шеңбер. Айғаным финалда шеңбер жаттығуы бойынша 5-орын, лента мен доп жаттығуын орындап, 6-орынға тұрақтады.

Финалда отандастарымыздан бөлек, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Әзербайжан сынды мемлекеттердің үздік гимнасшылары жүлдені сарапқа салды.

Айта кетейік, Якустк қаласындағы жарыс 7 шілдеге дейін жалғасады. Айтулы бәсекеде ел намысын 21 спорт түрінен 200-ден астам өреніміз қорғауда.