Елордалық ауыр атлет әлем чемпионы атанды
22 қараша, 2023
Елорда ақпарат
Фото: дереккөз
Мексиканың Гвадалахара қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында астаналық спортшы Едіге Егемберді чемпион атанды, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстан құрамасына алғашқы алтын жүлдені жерлесіміз Едіге Емберді сыйлады. Ол 81 келіге дейінгі салмақта 336 (145+191) келі көтерді. Жұлқа көтеруде 9-орын, ал серпе көтеру мен қоссайыс қорытындысында алтынды жеңіп алды. Күміс медаль түрікменстандық Гайгысыз Тораевқа, ал қола жүлде грузиялық Георгий Асанидзеге бұйырды.
Айта кетейік, 44 елден 229 спортшы қатысып жатқан жарыс 23 қарашаға дейін жалғасады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 11:38
Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді