00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді

Елордада Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді
Фото: ашық дереккөз

Астанада грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада және әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы халықаралық турнир өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Байрақты бәсекеде әлемнің ең үздік бозкілем шеберлері 10 салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Жарыстың ресми ашылу салтанаты 16 мамыр күні сағат 17:30-да Ж.Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында өтеді.

Іс-шара Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Күрес федерациясының ұйымдастыруымен өткізіледі.

Көрермен қауым үшін кіру тегін болады.