00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада теннистен Президент кубогі үшін халықаралық турнир өтеді

Елордада теннистен Президент кубогі үшін халықаралық турнир өтеді
фото: olympic.kz

Астана қаласындағы ұлттық теннис орталығының жазғы хард корттарында 14-28 шілде аралығында Президент кубогі үшін ATP Challenger Tour және ITF World Tennis Tour жарыстары өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Президент кубогі үшін дәстүрлі халықаралық турнир осымен 17-ші рет ұйымдастырылып отыр.

Биыл аталмыш додада Григорий Ломакин, Әмір Омарханов, Аружан Сағындықова, Соня Жиенбаева, Асылжан Арыстанбекова, Сандуғаш Кенжебаева және басқалар Қазақстан намысын қорғайды.

Көптеген атақты теннисшілер қатысып, жеңімпаз атанған Президент кубогі 1991 жылдан бері өткізіліп келеді. 2007 жылы жарыс халықаралық мәртебеге ие болды.