00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елена Рыбакина Астанаға келді

12 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елена Рыбакина Астанаға келді
Фото: Елена Рыбакина/Instagram

Әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Билли Джин Кинг кубогы бірінші іріктеу кезеңі аясындағы Польшаға қарсы матчқа қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы спортшы Instagram парақшасында хабарлады. Елена Қазақстан астанасынан сурет жариялады.

6436384ff00b4.jpg

Айта кетейік, Қазақстан – Польша кездесуі Астанада 14 және 15 сәуірде өтеді. Рыбакинадан бөлек, Қазақстан құрамасы сапында Юлия Путинцева, Анна Данилина, Гозаль Айнитдинова, Жанель Рустемова және Аружан Сағандықова өнер көрсетеді.