Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына өтті

Фото: olympic.kz
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Вашингтондағы (АҚШ) ATP 500 турнирінің жұптық сайысында ширек финалға өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Отандасымыз жұптық сында Ұлыбритания өкілі Эмма Радуканумен бірге өнер көрсетуде.
Рыбакина/Радукану ширек финалға шығу үшін словакиялық Тереза Михаликова және ұлыбританиялық Оливия Николласпен шеберлік байқасты. Нәтижесінде Рыбакина/Радукану жұбы 2:6, 7:6 (4), 11:9 есебімен жеңіске жетті.
Матч 1 сағат 53 минутқа созылды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 14:02
Әлем чемпионаты: бүгін шаршы алаңға кімдер шығады

Бүгін, 10:34
III Түркі универсиадасы: Қазақстандық дзюдошы студенттер тағы 3 алтын жеңіп алды

5 қыркүйек, 2025
Аңыздар айқасы: Майк Тайсон мен Флойд Мейвезер жұдырықтасады

5 қыркүйек, 2025
US Open-2025: Заңғар Нұрланұлы жартылай финалға шықты