Ел спортшысы семсерлесуден әлем кубогі кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
Рапирамен семсерлесуден Қазақстан жаөспірімдер құрамасының мүшесі София Актаева Фуджейрадағы әлем кубогі кезеңінде алтын медаль еншіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап.
София Актаева финалда Қытай спортшысы Яжихэ Тэмен кездесті. Бұл бәсекеде Актаева 15:13 есебімен жеңіске жетті.
Cемсерлесу федерациясының мәліметінше, София 1/16 және 1/8 финалда да қытайлық спортшылармен шеберлік сынасып, екеуінде де 15:6 есебімен басым түскен. Ал ширек финалда Макао өкілін 15:13 есебімен, жартылай финалда мажарстандық спортшыны да дәл сондай есеппен ұтқан.
Еске салайық, қазақстандық семсерлесушілер Дубайда оқу-жаттығу жиынын өткізген еді. Оған Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшылары Руслан Курбанов, Артем Саркисян, Ерлік Сертай, Әйгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастасия Гулик, Бақдәулет Кұралбекұлы және басқалары қатысты.