Еділ Қожамбердиев Түркияда WBC титулын нокаутпен жеңіп алды
1 мамыр, 2023
Елорда ақпарат
Фото: prosports.kz
Бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Еділ Қожамбердиев (12-2, 12 КО) кәсіпқой бокстағы кезекті айқасын өткізді, деп хабарлайды Elorda.info Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Ол Ыстанбұлдағы (Түркия) бокс кеші аясында үндістандық Кулдип Сингхпен (8-5-1, 5 КО) кездесті. Крузервейттегі WBC «Таяу шығыс» (WBC Middle East) чемпиондық белбеуі бәске қойылды.
Айқаста Қожамбердиев мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Бұл Еділдің 2021 жылғы желтоқсаннан кейінгі алғашқы жекпе-жегі. Ол кезде Еділ түрік Хамза Гюнешті (6-1, 4 КО) бірінші раундта жеңіп, бос тұрған бірінші ауыр салмақтағы UBO Intercontinental белбеуін иеленген еді.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді
18 қыркүйек, 2024
Елордада теннистен Қазақстанның жазғы чемпионатының үздіктері белгілі болады