Дмитрий Панарин Камерундағы халықаралық турнирде күміс медаль иеленді

Фото: olympic.kz
Қазақстан бадминтон құрамасының көшбасшысы Дмитрий Панарин Камерун астанасы Яундеде өткен ірі халықаралық турнирдің финалында өнер көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ерлер арасындағы жекелей сайыстың шешуші ойынында қазақстандық спортшы Индонезия өкілі Прадиска Шудживомен кездесті.
Кездесу қарсыластың пайдасына 2:0 есебімен (21:13, 21:7) аяқталды.
Осылайша, Панарин жарысты екінші орынмен тәмамдады.
Ұқсас жаңалықтар

9 қазан, 2025
Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Азия біріншілігінің жартылай финалына өтті

9 қазан, 2025
Республика күні қарсаңында елордада XIV Qazaqstan Barysy турнирі өтеді

9 қазан, 2025
Тректегі велоспорттан әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

9 қазан, 2025
ҚХЛ: «Барыс» бүгін «Трактор» командасымен кездеседі