Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары анықталды

Бүгін, 09:18
Қанат Байұзақов Қанат Байұзақов
views71
Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары анықталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

4-14 қыркүйек аралығында бокстан Ливерпульде өтетін әлемдік доданың жеребесі тартылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстан ерлер құрамасының алғашқы қарсыластары:

50 келі. 25 боксшы

Санжар Тәшкенбай 1/8 финалда Хузайфа Ешиш (Иордания) – Луис Руни (Ирландия, 23 жасқа дейінгі Еуропа чемпионы) жұбының жеңгенімен кездеседі.

Ирландиялық боксшы биылғы «Странджа» турнирінде Санжар Тәшкенбайдан басым түскен.

55 келі. 39 боксшы

Махмұд Сабырхан 1/16 финалда Амир Мохаммади (Бельгия) – Ортиз (Мексика) жұбының жеңгенімен жолығады.

60 келі. 43 боксшы

Бейбарыс Жексен 1/16 финалда Лей (Тайпей) – Жунмилардо Огайре (Филиппин) жұбының қай мықтысымен кездеседі.

65 келі. 40 боксшы

1/16 финал

Ертуған Зейнуллинов – Хуго Грау (Франция)

Астанадағы әлем кубогының үшінші кезеңінің ширек финалында Ертуған басым түскен.

70 келі. 41 боксшы

1/16 финал

Төрехан Сабырхан – Яче Юсуф Ислам (Алжир)

1/8 финалда Астанадағы әлем кубогының финалисі Хитеш Хитешпен (Үндістан) жолығуы мүмкін.

75 келі. 24 боксшы

Сабыржан Аққалықов 1/8 финалда Павел Илюша (Украина, Азия чемпионатының жартылай финалисі) – Мохаммад Ноурани (Иран) жұбының жеңімпазымен айқасады.

80 келі. 36 боксшы

Нұрбек Оралбай 1/16 финалда Матвей Ражба (Украина) – Бен Носа Эхис (Германия) жұбының жеңгенімен жұдырықтасады.

Отандасымыз финалға дейін Тоқтарбек Таңатқан (Қытай), Жавохир Умматалиев (Өзбекстан), Робби Гонзалес (АҚШ, әлем чемпионы), Куба спортшысымен жолығуы ықтимал.

85 келі. 24 боксшы

Бекзад Нұрдәулетов 1/8 финалда Георгий Кушиташвили (Грузия, 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері) – Петар Лескур (Хорватия) жұбының жеңімпазымен жолығады.

90 келі. 25 боксшы

1/16 финал

Сағындық Тоғамбай – Айзек Око (Англия)

+90 келі. 30 боксшы

Айбек Оралбай 1/8 финалда Мючахит Илияс (Түркия) – Доврани Исламов (Түркіменстан) жұбының жеңгенімен айқасады.

Айта кетейік, World Boxing ұйымының аясында өтетін тұңғыш әлем чемпионатына 68 елден 554 спортшы (оның ішінде 329 – ер, 225 – әйел боксшы) қатысады.