Боксшыларымыз Куба және Өзбекстан командасымен бірге жаттығып жатыр
16 сәуір, 2024
Елорда ақпарат
фото: ElordaInfo
Бокстан Қазақстан құрамасы Түркістан облысындағы «Алма тау» базасында бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Жаттығу жиынына Қазақстан, Өзбекстан және Куба құрамалары қатысуда.
Қазақстан командасы сапында Париж Олимпиадасына жолдама алған 6 боксшы мен Таиландтағы соңғы лицензиялық жарысқа қатысатын Мұхаммедсабыр Базарбайұлы бар.
Өзбекстан командасы жаттығу жиынына 12 боксшы алып келген. Олардың қатарында әлем чемпиондары Руслан Абдуллаев пен Абдумалик Халоков, Олимпиада чемпионы Бахадүр Жалолов бар.
Куба құрамасы Алехандро Кларо Фис, Сейдел Норта, Арлен Лопез бен Хулио Сезар Ла Крузды алып келген.
Бірлескен жаттығу жиыны 21 сәуірге дейін жалғасады.
Ұқсас жаңалықтар