Бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде қайдан көруге болады

Фото: olympic.kz
Бүгін Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Olympic.kz сайтының хабарлауынша, әйелдер арасынан бес спортшы алтын медаль үшін сынға түседі.
Шешуші кезеңде Қазақстан құрамасының намысын қорғайтын спортшылар: Виктория Графеева (60 келіге дейін), Аида Әбікеева (63 келіге дейін), Наталья Богданова (67 келіге дейін), Гүлсая Ержан (81 келіге дейін) және Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары).
Жекпе-жектерді тікелей эфирде Азия бокс конфедерациясының ASBC YouTube-арнасынан көруге болады.
Басталуы Астана уақытымен 12:00-де.
Айта кетейік, бұдан бұрын қазақстандық бұрымдылар финалда кімдермен жұдырықтасатыны белгілі болған.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 09:12
Азия ойындары: Ұлттық құрама жағажай волейболынан іріктеу сайысында жеңіске жетті

20 қазан, 2025
Астанада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған шахмат олимпиадасы басталды

20 қазан, 2025
Қазақстан мен Түркия теннис саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

20 қазан, 2025
Әлем чемпионы Алуа Балқыбекова әскери ант берді