Боксшыларымыз Бакудегі турнирде үш алтын жеңіп алды
29 наурыз, 2024
Елорда ақпарат
Фото: дереккөз
Қазақстандық боксшылар Бакудегі (Әзербайжан) халықаралық турнирді үш алтынмен аяқтады, деп хабарлады Elorda.info.
Финалда бес қазақстандық боксшы жұдырықтасып, оның үшеуі алтын медаль жеңіп алды.
Талғат Сырымбетов (60 келі) әзербайжандық Азрак Бабыровты, Дархан Дүйсебай (71 келі) өзбекстандық Бекзод Хамидовты, Сағындық Тоғамбай (92 келі) Олимпиада жүлдегері Альфонсо Домингесті жеңді.
Ақтық сынға түскен тағы екі спортшымыз 48 келідегі Теміртас Жүсіпов әзербайжандық Хасан Маликовтен, Тимур Қабдешов (54 келі) өзбекстандық Хожаназар Нортожиевке жол беріп күміс медальді місе тұтты.
Тағы бір былғары қолғап шеберіміз Бекзат Таңатардың (86 келі) еншісінде қола медаль бар.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 11:38
Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді