00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Babolat open Astana: Елордада теннистен халықаралық жарыс өтіп жатыр

Babolat open Astana: Елордада теннистен халықаралық жарыс өтіп жатыр
Фото: Сұлтан Сейіт

Теннистен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 15-19 шілде күндері дәстүрлі ATF 16&UNDER BABOLAT OPEN турнирі өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Кейінгі жылдары теннис спорты елімізде танымалдылыққа ие болып келеді. Оған Елена Рыбакинаның Токио Олимпиадасында жартылай финалға жетуі және 2022 жылы айтулы «Wimbledon» үлкен дулығасын жеңіп алуы әсер еткені сөзсіз. Соның нәтижесінде Олимпиадаға кіретін спорт түрлерінен елімізде теннис ең көп оқитын ТОП-5 инстаграм парақшасының қатарына кіріп тұр. 

Бұл балалар мен жасөспірімдер арасында тенниспен айналысатындардың санын арттырып,  тұрақты түрде турнирлер ұйымдастыру қолға алынған. Соның бірі — ATF 16&UNDER BABOLAT OPEN. 

Дәстүрлі жарыстың биылғы додасын 60-тан астам теннисші бас қосып, тек қана Қазақстан ғана емес, көрші Ресей мен Германиядан келгендер де бар.

Жасөспірімдер арасында халықаралық турнирлер айына 3-4 рет өтіп тұрады. Теннис — қымбат спорттардың қатарына кіретіндіктен, өкінішке қарай, барлығына қол жетімді емес. Оның үстіне әр теннисші  турнирге қатысу-қатыспауын өзі шешеді. Бірақ спорт басқармасы болашағы бар, нәтижесі жақсы спортшыларға қолдауын үнемі көрсетіп тұрады. Балалар арасында қалалық, ішкі турнирлер де жиі ұйымдастырылады. Нәтижесінде сан сапаға ұласып, халықаралық аренада ел намысын қорғайтын спортшылар өсіп шығады, - деді жарыс ұйымдастырушысы Жаңабай Жасұлан. 

Қазірдің өзінде жасөспірімдер арасынан Әмір Омарханов, Заңғар Нұрланұлы, Асылжан Арыстанбекова сияқты спортшыларымыз әлемдік ірі үлкен дулығаларда мықтыларды ұтып  жүрген жайы бар. 

Айта кетейік, бұл турнирде кубок қана сарапқа салынбай, әр теннисші рейтингте жоғары көтерілуге мүмкіндік алады.