Бүгін Ташкентте Санжар Тәшкенбай мен Дулат Бекбауов алтынға таласады
Ташкентте ерлер арасында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін Қазақстаннан Санжар Тәшкенбай мен Дулат Бекбауов алтынға таласады, деп хабарлады Elorda.info «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.
Астана уақытымен сағат 18.00-де басталатын додада бірінші болып Санжар (48 кг) рингке шығады.
Оның қарсыласы - грузиялық Сахил Алахвердоби.
Әлемдік додада финалда үш қазақстандық боксшы өзбекстандықтармен бас жүлдені сарапқа салады. Соның біріншісі Дулат Бекбауов пен Асадхуджа Муйдинхуджиев арасында өтпек.
Ертең, 14 мамыр күні сағат 18.00-де басталатын финалда Махмұд Сабырхан (54 кг) Ойбек Джураевпен, ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 кг) Саиджамшид Джафаровпен жұдырықтасады. 80 келіге дейінгі салмақта аса қызықты жекпе-жек болғалы тұр. Нұрбек Оралбай Қытайдағы қандасымыз Тоқтарбек Таңатханмен қолғап түйістіреді.
Екі күнде барлығы 13 салмақта чемпиондар анықталады.