Азия пара ойындары: Астаналық спортшы чемпион атанды
23 қазан, 2023
Елорда ақпарат
Фото: Туризм және спорт министрлігінен
Елордалық Ақмарал Науатбек IV Азия пара ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлады Elorda.info.
Пара дзюдодан J2 cанаты бойынша 48 келі салмақта өнер көрсеткен Ақмарал Науатбек Ханчжоуда өтіп жатқан Азия Пара ойындарының алтын жүлдесіне ие болды.
Ақтық сында ол Қытай спортшысы Ли Личиннен басым түсті.
Жеңіс оңай келмейді, бірақ бүгін Ақмарал жеңіске деген құлшынысын көрсетті. Мен Ақмаралды жарқын жеңісімен құттықтаймын және боз кілемдегі еңбегі үшін алғыс айтамын, - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 11:38
Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді