Азия ойындары: Ел қоржынына үшінші медаль түсті
25 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат
Фото: Спорт дирекциясы
Оқ атудан 25 метрге жылдам атылатын тапаншамен сайыстың финалында Никита Чирюкин қола жүлдеге ие болды деп, хабарлады Elorda info.
21 жастағы отандасымыз іріктеу кезеңінде 7-орынмен финалдық кезеңге өткен еді.
Финалдық кезеңнің жалпы көрсеткіштер:
Юхонг Ли — 33 ұпай (ҚХР)
Янгпан Лю — 31 ұпай (ҚХР)
Никита Чирюкин — 26 ұпай (Қазақстан)
Бұған дейін Никита Чирюкиннің 3 дүркін Азия чемпионы, әлем кубогының жеңімпазы деген атағы бар.
Азия ойындарының алғашқы екі күндегі нәтижесі бойынша әзірге Қазақстанның қоржынында 1 күміс, 2 қола жүлде бар.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді
18 қыркүйек, 2024
Елордада теннистен Қазақстанның жазғы чемпионатының үздіктері белгілі болады