Азиадада Қазақстан құрамасы тағы бір медаль иеленді
25 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат
Фото: olympic.kz
63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық Эсмигүл Күйлова Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлады Elorda.info.
Медаль үшін күресте ол өзбек спортшысы Севинч Исокованы жеңді.
Бұл Қазақстан құрамасының осы Азиададағы дзюдо бойынша үшінші медалі. Кеше 48-ге дейінгі салмақтағы күмісті Абиба Абужақынова жеңіп алды, ал Мағжан Шамшадин 60 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды.
Жеңіс оңай берілмейді, бірақ бүгін Эсмигул жеңіске деген құлшынысын көрсетті. Алда оны үлкен жеңістер күтіп тұрғанына күмәнім жоқ, - деді қазақстандық дзюдошының жеңісіне Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 11:38
Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді