Қазақстандық таеквондошы әлем чемпионатында алтын медаль иеленді

Фото: Қазақстан таеквондо федерациясынан
Қазақстан құрамасының спортшысы Хамзаальпер Ромашкин таеквондодан Фуджейрада (БАӘ) өтіп жатқан жастар арасындағы (WT) әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалдық жекпе-жекте Ромашкин Канада өкілі Никола Самордичті сенімді әрі техникалық шеберлікпен жеңді.
Айта кетейік, БАӘ-де өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатына 81 елден 800-ден астам спортшы қатысып жатыр. Аталмыш жарыс 14 мамырға дейін жалғасады.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 19:00
Ұландық сарбаздар қазақ күресінен өткен турнирде қола жүлдеге ие болды

Бүгін, 17:26
Елордада бокстан республикалық турнир басталды

Бүгін, 16:48
«Қазақстан барысы»: Астанада қалалық іріктеу турнирі өтіп жатыр

Бүгін, 16:02
Талғат Байсуфинов ұлттық құрама бас бапкерінің міндетін атқарушы болып тағайындалды