Қазақстандық каратэшілер әлем чемпионатында топ жарды

Қазақстандық каратэшілер әлем чемпионатында топ жарды
Фото: instagram.com/kaz_shinkyokushinkai_official

Германияның Лейпциг қаласында IFK World Championship 2025 – Leipzig киокушин каратэден жастар мен жасөспірімдер арасында 7-ші әлем чемпионаты өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Жарысқа әлемнің 40 елінен 700-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Қазақстан атынан жарысқа 50-ге жуық каратеші қатысты. Олар ел намысын лайықты қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынды иеленіп, әлемге қазақ каратэшілерінің шеберлігін паш етті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі:

Алтын медаль иегерлері:   

1. Виктория Бут– 14-15 жас, 50 кг дейін;

2. Данил Бут– 16-17 жас, 60 кг дейін;

3. Әмір Көселбаев – 12-13 жас, 55 кг дейін

4. Әнуарбек Нұрмұратов – 12-13 жас, 45 кг дейін;

5. Ибрагим Экажев – 12-13 жас, абсолюттік салмақ;

6. Вадим Хестанов – U14, 40 кг дейін;

7. Кирилл Рубахов – U18, 75 кг дейін;

8. Камилла Захарченко – U21, 55 кг дейін.

Күміс жүлде иегерлері:

1. Әділжан Мұхамеджан – 14-15 жас, 65 кг дейін;

2. Саида Каркенова – U14, 40 кг дейін.

Қола жүлде иегерлері:

1. Әди Серік – U18, 70 кг дейін;

2. Бейбарыс Қалдыбек – U18, 65 кг дейін;

3. Радмир Тұрыспеков – U16, 50 кг дейін;

4. Руфат Романұлы – U21, 70 кг дейін;

5. Ангелина Перч – U21, 65 кг дейін.