Қазақстандық балуандар Poland Open турнирінде бақ сынайды

31 шілде, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстандық балуандар Poland Open турнирінде бақ сынайды
Фото: uww.org

Польша астанасы Варшавада күрес түрлерінен ірі халықаралық турнир басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл жарысқа Қазақстан құрамасынан грек-рим күресі және әйелдер күресі балуандары қатысады. Төменде турнирге қатысатын балуандардың тізімі көрсетілген.

Грек-рим күресі: 60 келіге дейін Айбек Айтбеков, 60 келіге дейін Исхар Курбаев, 63 келіге дейін Бақытжан Қабдыл, 63 келіге дейін Нұрдәулет Қапас, 63 келіге дейін Сайфулла Құрман, 67 келіге дейін Төлеген Әмірханов, 67 келіге дейін Дінислам Сағитжан, 77 келіге дейін Абдиазим Қарабаев, 77 келіге дейін Қаһарман Қисыметов, 77 келіге дейін Азат Садықов, 77 келіге дейін Тамерлан Шадукаев, 82 келіге дейін Изновр Абаев, 82 келіге дейін Диас Қалтай, 87 келіге дейін Тимур Оспанов, 97 келіге дейін Ерзат Ерланов.

Әйелдер күресі: 50 келіге дейін Светлана Анкичева, 53 келіге дейін Зейнеп Баянова, 55 келіге дейін Зульфия Яхьярова, 57 келіге дейін Лаура Алмағамбетова, 57 келіге дейін Нилуфар Раимова, 62 келіге дейін Тыныс Дүбек, 65 келіге дейін Елена Шалыгина, 68 келіге дейін Ирина Казюлина, 68 келіге дейін Бейбіт Сейдуәлі, 72 келіге дейін Жәмила Бақбергенова, 76 келіге дейін Эльмира Сыздықова.